Бар екен қазақ деген аңғал халық,
Басынатын үстемдеу жандар барып.
Ешкімнің ала жібін аттамайтын
Әрқашан түзу жолды таңдар халық.
Бар екен қазақ деген жарқын халық,
Әділдікке жақтасқан алтын халық.
Арамдық, тәкаппарлық, өршілдік пен
Жамандық, менмендікке салқын халық.
Бар екен қазақ деген адал халық,
Қараңғыда жалынын жағар халық.
Болашақта танылып бар әлемге
Өз орынын биіктен табар халық.
Негізінен алыптың алыбымыз,
Ай сәулелі жарықтың жарығымыз.
Алайда бұл додада куә болды
Әділетсіз шешімге халықымыз.
Мықты елдер асынып тасыныпты
Әлсіздерді осылай басыныпты.
Бұл шешімге талайлар наразы боп,
Талайлардың іші де ашыныпты,
Не дегенмен Ресейдің бағы мықты,
Біздің Вася алтынға ағылыпты.
Алайда төрешілер шешімімен
Василий күміс алқа тағыныпты.
Төрешіден халықтың сыны артық,
(Ендігіде көрмеңіз бұны артық)
Қазақтың сенімімен бірге келген,
Сол алтыннан күмістің құны артық!
Жеңісті қуанышпен қарсы алайық,
Күміске алтындайын тамсанайық.
Боксшымызға мыңдаған алғыс айтып,
"Қазақстан, алға!" деп жар салайық!
Қанапия Алтынай